Алматыда көлік жүргізушісін алдамақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлік жүргізушісін алдамақ болғандар ұсталды

02.12.2016
Оқиға өткен аптада болған. Жаяу жүргіншіге арналған жолақта белгісіз адам автокөліктің астына өзі секіріп, жәбірленген кейіп танытты. Дегенмен, оның қисынсыз әрекеті басқа көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалып, ол дереу бой тасалаған. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп, бұл іске екі адамның қатысы бар екені анықталды. Біріншісі, жаяу жүргіншінің өзі болса, екінші адам «Делика» көлігімен жолдың бір шетін жауып, өзге жүргізушілердің жол көру мүмкіндігін шектеген.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу