Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді - Әсет Исекешев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді - Әсет Исекешев

16.12.2016
Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді - Әсет Исекешев

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.  

«Тәуелсіздік – халқымыз айрықша қадірлейтін қастерлі ұғым. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған азаттық таңының атқанына биыл – 25 жыл. Ширек ғасырда Елбасымыз бас болып елімізді әлемге танытқан, халықтың мерейін асырған көптеген игі істер атқарылды.

Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің 25 жылда аяғынан нық тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы - Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы  Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен халықтың оны қолдап, жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болғай! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу