ҚБТУ түлектері «Алдар-көсе» жаңа ойын жобасын жасап шығарды

01.07.2016
ҚБТУ түлектері «Алдар-көсе» жаңа ойын жобасын жасап шығарды

«Алдар-көсе» – бірегей ойын жобасы. Оны Қазақстан-Британ техникалық университетінің цифрлық-медиатехнологиялар бағдарламасының түлектері жасап шығарды.

Бағдарлама смартфондар мен планшеттерге арналған. Қолданушы виртуал әлемдегі ойын кейіпкерлерін гаджет экранындағы джойстиктің көмегімен басқарады.  

Бағдарлама авторы Ұлан Асановтың айтуы бойынша, егер де бұл жоба қолданысқа ие болып, сұраныс табатын болса, ары қарай дамытып жалғастыруға дайын.

Гаджет камерасы арқылы компьютерлік графика,ойын сахнасы және үстелдегі заттар, яғни шынайы өмір байланысады. Сол себепті, оны «Шындық өмір қосылған технология» деп атайды. Экрандағы графикалар құбылып отырады, бұл ойыншыны жалықтырмау үшін жасалған. Кейіпкер әр деңгейге өткен сайын тағы бір ішкі ойын ашылады.

«Алдар-көсе» бағдарламасы еліміздегі компьютер ойыны индустриясының дамуындағы жаңа белес саналады.

Ойын авторлары болашақта бұл бағдарламаны әлемдік саудаға шығармақ.

Хабарламаларға жазылу