«Алдар Көсе» фильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алдар Көсе» фильмін көріңіз

19.06.2015
«Алдар  Көсе» фильмін көріңіз

Оны Алдар Көсе дейтін. Бұл – лақап аты еді.  Алдар – алдаушы,  өтірікші, Көсе – сақалы жоқ дегенді  білдіреді. Оның  шын есімін, ондай  адамның болған, болмағанын  ешкім білмейтін.

Бірақ, қай ауылға  барсаң да, оның есімі   ел аузынан түспейді. Әркім әр түрлі айтады. Бірақ, әр әңгіменің  тоқетері – ол кедей  болғанымен,  пейілі  кең, жетім-жітіктерге қол ұшын беріп,  халықты езген бай-манаптардың  әділетсіздігіне қарсы  күрескен-мыс.  

Бүгін 00:55-те Ұлттық арнадан режиссер Шәкен Аймановтың  «Алдар Көсе»фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу