Жер реформасы жөніндегі комиссияда екінші отырысында 4 жұмыс тобы жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер реформасы жөніндегі комиссияда екінші отырысында 4 жұмыс тобы жасақталды

21.05.2016
Жер реформасы жөніндегі комиссияда екінші отырысында 4 жұмыс тобы жасақталды
Еліміздің әрбір тұрғыны жер комиссиясының жұмысына көз тігіп, құлақ асып отыр десек артық айтқандық емес. Жер кодексі аса ауқымды мәселелерді қамтығандықтан, комиссия ішінен арнайы 4 топқа бөлініп, жұмыс істеу дұрыс деп шешілген. Алдымен, осы топтардың жетекшілері іріктелді. Кеңес мүшелері олар атқарушы билік өкілі болмауы тиіс деген келісімге келді.

Сонымен, бірінші топқа жер мәселесінің экономикалық тиімділігін сараптау міндеттелген. Оған Ақылбек Күрішбаев жетекшілік етеді.
Құқықтық топ құрамына 14 адам енген. Мұхтар Тайжан бірауыздан оның жетекшісі болып сайланды.

Ал, комиссия жұмысының шешімдерін жұртшылыққа дер кезінде жеткізіп отыратын ақпараттық түсіндіру тобының басшылығына Мұрат Әбенов лайықты деп шешілді. Ал, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесімен айналысатын төртінші топқа Дос Көшім сайланды. Бұл топ комиссияның жариялы түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.

Жасақталған 4 топ ауыл шаруашылығы жанынан құрылған штабта орналаспақ. Дүйсенбіден бастап, комиссия мүшелері топ ішіндегі мақсат-мүдделерін айқындап, жұмысқа кіріседі.

Хабарламаларға жазылу