М.Тайжан Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық бағыттағы жұмыс тобына жетекшілік ететін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Тайжан Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық бағыттағы жұмыс тобына жетекшілік ететін болады

21.05.2016
М.Тайжан Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық бағыттағы жұмыс тобына жетекшілік ететін болады

Мұхтар Тайжан Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық бағыты бойынша жұмыс тобына жетекшілік ететін болады.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша республикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен комиссияның екінші отырысында осындай шешім қабылданды.

Айта кетерлігі, өткен бірінші отырыста комиссия әртүрлі бағытта жұмыс топтарын құру туралы мәселе көтеріп, экономикалық, құқықтық, ақпараттық және ұйымдастырушылық бағытындағы төрт топ құрылатынын белгілеген болатын.

Құқықтық топқа жетекшілік етуге комиссия мүшесі Мұхтар Тайжаннан басқа, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың, Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның кандидатурасы ұсынылған еді. Олардың екеуі де кандидатураларын қайтарып алды. Дауыс беру барысында М. Тайжан жұмыс тобына жетекшілік ететін болып шешілді.

Хабарламаларға жазылу