Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер кімдерге сатылмайды?

02.05.2016
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер кімдерге сатылмайды?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, жарғылық капиталындағы шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамдардың үлесі 50 пайыздан асқан заңды тұлғаларға сатылмайды. Жерлер бұған дейін шетелдік азаматтардың меншігіне берілмеген және қазір де берілмейді. Шетелдіктерге мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерлері конкурс арқылы ғана тек 25 жылға дейін жалға беріледі. (Жер Кодексінің 23,24 бабы)

Қазақстан Республикасының шекаралық аумағындағы жерлер шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жалға беріле ме?

Қазақстан Республикасының шекаралық аймақтары мен шекара белдеуіндегі жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жалға берілмейді. (Жер Кодексі 23 бап)

Қазақстан азаматтары жекеменшіктегі жерлерін шетелдіктерге сата ала ма?

Жоқ сата алмайды. Нотариустарға мұндай келісім-шарттарды рәсімдеуге заңмен тыйым салынған.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді иеленген заңды тұлға құрылтайшыларының бірінің жұбайы (әйелі немесе күйеуі) шетел азаматы болса құқықтық мәртебесі қалай болады?

Кодексте «Жер учаскесінің иесі» және «заңды тұлғаның иесі» яғни құрылтайшысы деген түсініктер бар. Жерге қатысты заңды тұлға оның иесі бола алады. Алайда, заңды тұлғада шетелдіктің үлесінің болуы оған меншік құқығын бермейді. Соған сай шетелдіктің жерге жекеменшік құқығы болмайды.

Хабарламаларға жазылу