Қазақстан бойынша 7,3 миллион гектар жер игерілмеген

09.11.2015
Қазақстан бойынша 7,3 миллион гектар жер игерілмеген
Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында - 1 миллион 800 гектар, Ақмола облысында 1 миллион 100 және Шығыс Қазақстан облысында 984 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік босалқы жерлер нарықтық айналымға тартылмаған күйде қалып отыр.

Вице-министр бұдан былай жер тек қана аукцион арқылы сатылады деді. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ел азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен аукциондар арқылы үлестіріледі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу