Петропавлда қызмет барысында қаза тапқан азаматтық құтқару қызметкеріне арналған мемориалдық тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда қызмет барысында қаза тапқан азаматтық құтқару қызметкеріне арналған мемориалдық тақта орнатылды

21.04.2016
Петропавлда қызмет барысында қаза тапқан азаматтық құтқару қызметкеріне арналған мемориалдық тақта орнатылды
27 жастағы Алтынбек Әбдірахманов былтыр жаңа жыл қарсаңында «Береке» ықшамауданында болған өрт кезінде, бір адамды өлімнен арашалап қалды. Бірақ үстіне үйдің жабындысы құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды. Әріптестері мен достары, туған-туыстары жиналып, ерлік танытқан боздақты еске алды. Есімін өзі қызмет еткен мекеменің қабырғасына қашап жазды. Ең бастысы - оның ер мінезі өзгеге үлгі, жастарға өнеге болып қалмақ.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу