Қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке оқулықтардан параграф арнау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке оқулықтардан параграф арнау керек

17.11.2019

Әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романы қалай аяқталатыны естеріңізде болар. « ...Менің Ораз Мұхаммедім жарық дүниеден осылай көшті. Қаһарманның ажалы кәззаптан келіпті. Ердің түбіне ез жететін көрінеді. Әлмисақтан солай екен... Піл сауырлы қара жер ғана мәңгілік екен.»

Иә, сұлтан Ораз Мұхаммед Оңданұлы орыс патшалығына бағынышты аймақта хан болған тарихи тұлға. «Жат елде жүріп, жарты патшалық құрған» жанкешті жан. 1610 жылы қапияда қастандықтың құрбаны болды.

Рязань облысының қазір Касимовка аталып кеткен қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз Мұхаммед сұлтанға мемориалдық тақта орнатылды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу