Бүгін адамзат баласының ғарышқа ұшқан күні. Осыдан 55 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан күллі адамзаттың атынан Юрий Гагарин зеңгір көкке самғаған болатын. Содан бері ғарышты зерттеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Жердің орбитасында қазір мыңдаған жасанды жер серігі, Халықаралық ғарыш стансасы, ғарыш телескоптары жұмыс істеуде.
Қазақ даласында орналасқан әлемнің ең ірі ғарыш айлағынан алаш баласы ғарышқа 1991 жылы ұшты. Ю.Гагариннің сапарынан кейін бақандай 30 жылдан кейін қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров зеңгір көкке самғаған еді.
Қазір Қазақстан ғарышқа үш ғарышкерін ұшырған, бірнеше жасанды жер серігі бар мемлекет. Еліміз ғарышты зерттеуге атсалысып, ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып жатқан саналуы мемлекеттердің бірі. Ал, ғарышты зерттеуге қатысты таң қаларлық оқиғалар Ю.Гагарин ұшқан кезден бері талай рет тіркелді.
Ғарышқа ұшқан Титов, Соловьев, Томас, Торитон, Скотт, Уокер, Александров, Фишер, Шепард, Аллен, Бейкер, Восс, Гибсон, Коллинз, Ричардс, Романенко деген тегі бар ғарышкерлер екеуден болыпты. Бірақ, олардың барлығы бір-біріне туыс емес екен.
Волков және Гэрриот деген тегі бар қос ғарышкер осы саланы әулеттік кәсіп қылған жандар. Александр және Сергей Волковтар әкелі-балалы ғарышкерлер. Оуэн Гэрриот пен Ричард Гэрриот та солай. 2008 жылы ХҒС- да осы екі династияның өкілдері С.Волков пен Ричард Гэрриот кездесті.
Александров деген екі ғарышкердің біреуі орыс, біреуі болгар.
1992 жылы ғарышқа ерлі-зайыпты Марк Ли мен Джен Дэвис бірге ұшты.
Қазақтан бұрын Байқоңырдан ғарышқа 1978 жылы 2-наурызда чех Владимир Ремек, 1978 жылы 27-маусымда поляк Мирослав Гермашевский, 1979 жылы 10-сәуірде болгар Георгий Иванов, 1980 жылы 23-шілдеде вьетнамдық Фам Туан, 1981 жылы 22-наурызда монгол Жугдердэмидийн Гуррагча, 1981 жылы 14-мамырда румын Прунару Думитру, 1985 жылы 30-қазанда неміс Мессершмидт Эрнст, 1988 жылы 29-тамызда ауған Моманд Абдул Ахад ұшыпты. Ал, АҚШ-тың көмегімен 1985 жылы 17-маусымда Сауд Арабиясының ханзадасы Султан ибн Салман ибн Абдул Азиз ғарышқа ұшыпты. Ол әлемдегі ғарышқа ұшқан тұңғыш араб һәм тұңғыш мұсылман екен. Ал, 2006 жылы Байқоңырдан ұшқан парсы қызы Ануша Ансариді кейбір зерттеушілер «ғарышқа ұшқан тұңғыш мұсылман әйел» деп жүр.
Ғарышқа қатысты апаттарға келсек, Байқоңырдағы алғашқы апат 1958 жылдың 27-сәуірінде №1 ұшыру кешенінде «Спутник-8Ф91» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде тіркеліпті. Бұл зымыран-тасығыш ғарышка КСРО-ның «Д-1 N 1» деген нөмірі бар үшінші жасанды жер серігін алып ұшуы керек екен. Ал, АҚШ –тағы алғашқы ғарыштық апат 1957 жылдың 6 желтоқсанында Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында тіркеліпті. Онда «Авангард» зымыран тасығышы «Авангард 1» жер жерігін ғарышқа алып шығуы тиіс екен.
Америкалықтардың ғарышты зерттеу кезіндегі ең ірі апаттары шаттлдарға қатысты болыпты. 1986 жылдың 28 қаңтарында «Челленджер» шаттлы апатқа ұшырағанда 7 астронавт қаза болса, 2003 жылдың 1 ақпанында «Колумбия» шаттлы апатқа ұшыраған кезде де 7 астронавт қаза тапты.
Байқоңырға қатысты ең үлкен апат 1960 жылдың 24 –қазанында Р-16 зымыранын сынақтан өткізу кезінде болып, сол кездегі КСРО Стратегиялық мақсаттағы ракета әскерінің қолбасшысы, Артиллерия бас маршалы М. Неделин бастаған 74 адам қаза тапты. Тағы 4 адам госпитальда көз жұмса керек.
КСРО-ның нақты ғарышқа ұшырған аппаратарының ішінде бір мезгілде ең көп адамның өмірін жалмаған апат «Союз-11» ғарыш кемесіне қатысты болса керек. 1971 жылы 30 маусымда «Союз-11» ғарыш кемесінің қону аппаратының герметизациясының бұзылуынан ғарышкерлер Г.Т. Добровольский, В.Н. Волков, В.И. Пацаев қаза болыпты.
Адамзат баласы ғарыш жылдамдығының үшінші сатысына 1972 жылдың 2-наурызында қол жеткізіпті. Мұны мамандар «3- ғарыштық жылдамдық» деп атайды. Сол күні «Пионер-10» ғарыш аппараты «Атлас-СЛВ 3С» зымыран-тасығышының көмегімен сағатына 51682 шақырым жылдамдық көрсетіпті.
1976 жылдың 15 қаңтарында ғарышқа ұшырылған америкалықтар мен немістер бірлесіп жасаған «Гелиос-Б» зонды сағатына 240000 шақырым жылдамдыққа қол жеткізіпті.
Күнге ең жақын қашықтыққа барған станса тағы сол «Гелиос-Б» екен. Ол Күнге шамамен 7 млн шақырым жақындап, Күннен 43,4 млн шақырым қашықтыққа барыпты.
Жерден ең алысқа ұзап кеткен аппараттарға тоқталсақ, ол да америкалықтардың «өнімі» екен. Вояджер-1 аппараты қазір Күннен 20,055 млрд шақырым қашықтықта жүрген көрінеді. Бұл қашықтықты сәуле 18 сағат 34 минутта өтеді екен.
Біз сөз еткен «Пионер-10» ғарыш аппараты 1986 жылдың 17-қазанында Жер шарынан 5,9 млрд шақырым ұзап, Плутон ғаламшарының орбитасын қиып өтіпті. Сол кездегі жылдамдығы сағатына 49 мың шақырым екен. Бұл аппарат біздің заманымыздың 34593 жылы бізден 10,3 жарық жылы көлеміндегі қашықтықта орналасқан «Росс-248» жұлдызына жақындап баратын көрінеді.
NASA ұшырған New Horizons стансасы ең жоғары жылдамдық көрсеткен құрылғы саналады. Ол ғарышта қозғалтқышын іске қосқанда оның гелиоцентрлік жылдамдығы секундына 45 шақырымға жеткен.
Қазір Жердің төңірегінде 2014 жылғы деректер бойынша 1100 ден астам жасанды жер серігі жұмыс істеуде. Істен шыққан жер серіктерінің саны 2600 ден асады.
Міне, ғарышты зерттеуге қатысты біз білетін һәм білмейтін деректердің бірқатары осындай.

Kaznews.kaztrk.kz