Қостанайда Ресейдің Челябі облысының күндері өтіп жатыр

17.10.2019

Ресейлік делегацияны осы өңірдің губернаторы бастап келді. Шекаралас облыстардың арасында тығыз іскерлік байланыс қалыптасқан. Биыл 9 айдың ішінде сауда-саттық 820 млн АҚШ долларына жетті. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 17 процентке артық. 

Челябі облысының жалпы тауар айналымының төрттен бірі Қазақстанға тиесілі. Жылдық айналым 1 млрд 800 млн АҚШ долларына тең. Соның басым бөлігі - металлургия саласы. Мысалы, Рудныйдағы кен орны Магнитогорск металлургия комбинатына жыл сайын 12 млн тонна темір рудасын жеткізеді. Кездесу аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм бағыттарында ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін келісімдер бекітілді. 

Алексей Текслер, Челябі облысының губернаторы:

Біз көрші болғандықтан экономикамыздың құрылымы өте ұқсас. Екі елдің арасындағы барыс-келіс, қарым-қатынас жақсы. Біз қашанда барлық салада достық, әріптестік қатынасты одан әрі нығайтуға тырысамыз. Бүгінгі сапарымыздың да басты мақсаты - осы. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу