Қанат Әбілқайырдың «Көршінің қызы» кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Әбілқайырдың «Көршінің қызы» кітабы жарыққа шықты

30.03.2016
Қанат Әбілқайырдың  «Көршінің қызы» кітабы жарыққа шықты
Алматыда Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында жазушы Қанат Әбілқайырдың «Көршінің қызы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Жинаққа қаламгердің соңғы жылдары жазған хикаяттары мен бір топ әңгімелері топтастырылған. Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері «Еңбекте жас жазушының өзіндік қолтаңбасы мен ізденісі айқын көрінеді.

Бүгінде қоғамның қарапайым өмірін суреттейтін осындай туындылар көбейіп, тың тақырыптарға қалам тартатын жастар қатары артып келеді. Бұл қазақ әдебиетінің көкжиегі кеңейіп, жаңа толқыны қалыптасқанының көрінісі»,-дейді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу