Сапасыз құрылыс салдарынан 45 миллион желге ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапасыз құрылыс салдарынан 45 миллион желге ұшты

04.02.2016
Сапасыз құрылыс салдарынан 45 миллион желге ұшты
Ақтауда пайдалануға берілгеніне бір тәулік өтпей жатып, веложол ортасынан опырылып қалды.

Сапасыз салынған құрылыс сан соқтырды. Соның салдарынан 45 миллион теңге желге ұшты. Ақтауда пайдалануға бергеніне бір тәулік өтпей жатып, веложол ортасынан опырылып қалды.

Бұл жағдай ауа райы немесе адамның қасақана жасаған әрекеттерінің салдары емес. Былтыр 800 метрлік арнайы жолақтың жанынан техникалық және ауызсу құбыры тартылып, содан жыл өткенде ақау шығыпты.

Су топыраққа сіңіп, біртіндеп шөгіп отырған. Жергілікті билік олқылық орнын мердігер компанияның толтыратынын жеткізді. Яғни, қазынадан бір тиын да жұмсалмайды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу