Қарағандыда қураған ағаштың орнына үшінші рет көшет егеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қураған ағаштың орнына үшінші рет көшет егеді

11.09.2023

Қарағандыда Сарыарқа даңғылының бойына осыдан екі жыл бұрын 800 түп терек егілген. Алайда ағаштар жерсінбей қурап қалды. Жұмысты атқарған мердігер компания былтыр бұл жерге тағы жасыл желек еккен. Өкінішке қарай ол да жайқалып өспеді. 800 түптің тек бестен бір бөлігі ғана тамыр жайған. Жергілікті бюджеттен бөлінген 75 миллион теңге желге ұшты. Енді қыркүйектің соңында кепілдік мерзімі аяқталады. Оған дейін аудан әкімдігі сот арқылы мердігерді көк өскіндерді үшінші рет егуге міндеттемек.

Нариман Итқарин, Қазыбек би ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Қазір біз жұмысты атқарған мердігерді жауапсыз мекеме деп тану үшін сотқа арыздандық. Сонымен қатар олар кепілдік міндеттеме аясында қыркүйектің соңына дейін қалған 650 түп теректі отырғызатын болады.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу