Шымкентте мектептің жөндеу жұмысы сапасыз жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мектептің жөндеу жұмысы сапасыз жасалған

17.01.2024

Шымкентте 1 миллиард 235 миллион теңгеге қайта жөнделген мектептегі жұмыстар мерзімінде аяқталмаған әрі сапасыз жасалған. Ғимараттың ішін әрлеу кезінде сапасыз бояу пайдаланылған. Қабырғалары қисық күйінде қайта сыланған. Мектеп басшылығы мен тапсырыс беруші тарапынан айтылған ескертулерден кейін құрылыс компаниясы кемшіліктерді түзеуге кірісті.

Нейла Шертаева, мектеп директоры:

Әрлеу краскілеу жұмыстарын сенбі-жексенбіде орындалып жатыр. Ал жаңағы сылау дейді ғой сабақ оқу кезінде болғанда да 45 минуттық сабақтар бар ғой үзіліс емес кезінде орындап жатыр.

Іргетасы 32 жыл бұрын қаланған білім ұясын күрделі жөндеу жұмыстары/ былтыр тамыз айында басталған. Жоспар бойынша оқу жылының екінші жартысында/ жұмыс аяқталуы тиіс болатын. Енді көгалдандыру, абаттандыру ісі көктемге қалды.

Абзал Сұлтанбеков, Мердігер мекеме басшысының орынбасары:

Бізде болған кемшіліктер келісеміз осы айдың аяғында ішкі әрлеу жұмыстарындағы кемшілікті қалпына келтіреміз. Ал, сыртқы жұмыстар бойынша көгалдандыру жұмыстарына қалған кішігірім жұмыстарды көктемде яғни ауа-райының қолайлы уақытында жасап бітіріп береміз.


Хабарламаларға жазылу