Елордалық балалар үйінде судың маңыздылығы туралы ашық сабақ өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық балалар үйінде судың маңыздылығы туралы ашық сабақ өткізілді

03.02.2016
Елордалық балалар үйінде судың маңыздылығы туралы ашық сабақ өткізілді
Бұл «жасыл экономика» моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау жобасы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық акция.

Шара барысында тәрбиеленушілерге тіршілік нәрінің адам өміріндегі маңызы мен қажеттігі түсіндірілді. Жиын соңында ұйымдастырушылар балалар үйіне замануи су тазалайтын фильтр мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Маржан БЕЙСЕНГАЗИНА

Хабарламаларға жазылу