Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады

12.01.2016
Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады
Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады

Бүгін, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің барлық авиациялық базаларында 2016 жаңа оқу жылы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командирлік ұшуларды ұйымдастыру мен өткізу басталды.

Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады

«Осынау ұшулардың мақсаты пилотаждау шеберлігінде ұшу дағдысын тағы бір мәрте пысықтау болып табылады. Ұшу құрамына алдын ала аталған жағдайларда ұшу даярлығының түрлері бойынша дәрістер өткізілді. Сонымен қатар басшылық ұшу құрамының білімі тексеріліп, әзірлігі бақыланды. Командирлік ұшулар басшылық құрамының тағы бір рет өзінің ұшу шеберлігін, машығын игеріп, жетілдіру үшін жасалатын, маңызды қадамның бірі болып саналады», - деді Әскери-көлік авиациясының авиациялық жасақ командирі подполковник Саламат Сатыбалдин.
Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін бұл жай дәстүр ғана емес, нақ осы кезеңде авиациялық бөлімдердің командирлері жаңа оқу жылындағы ұшуларды бастайды. Алғашқы командирлік ұшулар көрсетілімді болып келеді. Бұл ұшу алдындағы даярлық, тапсырмалар беруден бастап талқылаумен аяқталатын, ұшуларды ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік бір үлгісі іспетті.

Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады

Алдағы ұшуларға мұқият жерүсті даярлық, рұқсатнамаға алуға, жаттығуларға сынақ тапсыру негіз болды. Ұшуларға авиациялық базалардың басшылық құрамы Әскери әуе күштері қолбасшысы басқармасының инспектор ұшқыштары қатысты.

Командирлік ұшулардың тақырыбы әртүрлі сипатты қамтыды. Олар командирлер айқындап, авиациялық бөлім орындауға тиіс тапсырмаларға байланысты болды. Командирлік ұшуларда ұшақтар мен тікұшақтардың жаңа үлгілерін игеру кезінде ұшу құрамын оқып-үйрету жөніндегі практикалық, нұсқамалық дағдыны тексеріп әрі пысықтай отырып, бірыңғай әдістеме әзірленді.

Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады
Әскери әуе күштері бөлімдерінің командирлері дайындықтарын пысықтады
Командирлік ұшулар барысында нұсқаушы ұшқыштардың нұсқаулық-әдістемелік білімдері тексеріліп, жеке машықтары жетілдіріледі, сондай-ақ ұшуларды басқару тобы мен экипаждардың өзара іс-қимылы пысықталады.

«Осы күні әскери әуежайларда жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға көрсете және бөлісе білетін, жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу