Бүгін Астанада Қазақстан-Корея достық саябағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Қазақстан-Корея достық саябағы ашылды

27.09.2017

«Бау-бақша - береке бастауы», деп атап өткен елорда әкімі Әсет Исекешев бұл бастаманың маңызы зор екеніне тоқталды. Шаһар басшысы Қазақстан Президентінің осыдан үш жыл бұрын Кореяға сапары барысында қол жеткізілген әріптестік жобасы бүгінде қос елде де қарқынды жүзеге асып келе жатқандығын айтты. Осы орайда Корея тарапы еңселі елорданы жасыл желекке бөлеу аясында өзіндік үлес қосып отырғандықтарын жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Бүгінгі отырғызылған көшеттер екі елдің  байланысын одан әрі бекемдеп, жаңа белеске шығаратындығына  сенімдіміз», - дейді олар. «Экономиканы дамыту барысында біз экологияға да мейлінше мән беруіміз тиіс», деген тараптардың бұл бастамасы қала қонақтары мен тұрғындарына жасалған бірегей тарту болды. Корея халқының ұлттық нақышы айшықталған саябаққа Корея үкіметі 2 млн. долларға жуық инвестиция құйған.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу