Алашорда көсемінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алашорда көсемінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланады

20.11.2015
Алашорда  көсемінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде  тойланады
Алашорда  көсемінің мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде  тойланады

Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы халықаралық ұйымның ресми түрде 2016 жылы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына қатысатындығы белгілі болды.

Әлихан Бөкейханның өмірін зерттеуші, журналист Сұлтанхан Жүсіп өзінің фейсбуктегі парақшасында халықаралық ұйымның Алаш көсемінің мерейтойын атап өтуге атсалысатындығын жазды. Осылайша, қазақ тарихындағы тағы бір қайраткердің мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланбақ.

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы жерінде дүниеге келген. Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының негізін қалаушы. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің бірі. Қоғам қайраткері. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының азаттығы жолында да, оқу-ағарту саласында да зор еңбек сіңірген тұлға. Саясаткер саяси қуғын-сүргін кезінде 1937 жылы ату жазасына кесілді.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу