Оралда бір мезетте 1700 адам күй орындады

21.09.2018

Оралда бір мезетте 1700 адам күй орындап, Қазақстан рекордын жаңартты. Ауқымды шара күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылды. Үш жыл бұрын Атырауда бір уақытта 1017 адам күй тартқан еді. Оралдықтар бұл жолы жаңа рекорд орнатты. Айта кетейік, Құрманғазы бабамыздың қос ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу