Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аясындағы шаралар жалғасуда

22.05.2017

Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аясындағы шаралар жалғасуда. Тура ғасыр бұрын «Қазақ» газетінде ағартушы, ақын әрі журналист Әлмұхамет Оспанұлының «Бостандық мектебі» атты мақаласы жарияланған. Елорданың қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, алаштанушы ғалымдары бас қосып қазақ журналистикасы тарихындағы сүбелі мақаланы талқылады, маңыздылығы мен құндылығын тілге тиек етті. Көздегендері елі мен жұрты үшін ерен еңбек еткен азаматтың өмір жолы мен еткен қызметін келер ұрпаққа таныстыру, үлгі етіп көрсету.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу