Қостанайдағы «Дарын» оқу орталығының қызметкерлері ата-аналарды алдап, қаржы жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы «Дарын» оқу орталығының қызметкерлері ата-аналарды алдап, қаржы жинады

30.10.2015
Қостанайдағы «Дарын» оқу орталығының қызметкерлері  ата-аналарды алдап, қаржы жинады
Қостанайдағы «Дарын» оқу орталығының қызметкерлері  ата-аналарды алдап, қаржы жинады

Қостанайдағы «Дарын» оқу орталығының қызметкерлері ата-аналардан жиналған 1 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденіп кеткен. Бұл туралы Қазақ радиосының Қостанадайдағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ақпараттарға қарағанда білім мекемесі «Вундеркиндландия» атты олимпиада өткіземіз, деген желеумен ата-аналардан ақша жинаған. Алайда, олимпиада өтпеген, жиналған ақша да ізім-ғайым жоқ. Келеңсіз жайт қалалық прокуратура өткізген кезекті тексеріс кезінде әшкереленді.

Тілшілерге сұхбат берген Қостанай қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Мәдина Айсенова: «Қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, бөтеннің мүлкін талан-таражға салған білім мекемесі мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды», - дейді. Тергеу қорытындылары алдағы уақытта белгілі болады.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу