Алматыда «Әлемдік кеңістікте Орталық Азия елдері ғылымының ынтымақтасуы» атты халықаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Әлемдік кеңістікте Орталық Азия елдері ғылымының ынтымақтасуы» атты халықаралық форум өтті

28.10.2015
Алматыда «Әлемдік кеңістікте Орталық Азия елдері ғылымының ынтымақтасуы» атты халықаралық форум өтті
Алқалы жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Моңғолияның ғылыми қоғамдастықтарының жетекші өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда еліміздегі 250 жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары Thomson Reuters және Springer компаниясының беделді ғылыми мәліметтер қорын еркін пайдалануда. Соңғы төрт жылда Thomson Reuters компаниясының мәліметтер қорын пайдалануда қазақстандық ізденушілердің саны 4 есеге өскен.

Форумға қатысушы ғалымдар Орталық Азия аймағының әлемдік ғылыми ортамен байланысы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, ғылыми зерттеу жұмыстарының іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу