Елімізде инфлияция көлемі төмендеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде инфлияция көлемі төмендеп келеді

04.05.2017

Алматыда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов Халықаралық валюта қоры Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері бойынша департаментінің директоры Джихад Азурмен кездесті. Тараптар әлемдік қаржы нарығындағы жағдайлар мен Қазақстан экономикасының даму жетістіктерін талқылады. Ғалымжан Пірматовтың сөзінше, Ұлттық банк дер кезінде қолданған шараларының нәтижесінде елімізде инфляция көлемі біршама төмендеді. Мәселен, қазір инфляция дәлізі  6-8 пайыз болса, келер жылы 5-7 пайызға азаймақшы.

Амангелді СЕЙІТХАН     

Хабарламаларға жазылу