Алматыда халықаралық «Орталық-Азия өнертану» журналының алғашқы саны жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық «Орталық-Азия өнертану» журналының алғашқы саны жарық көрді

10.02.2016
Алматыда  халықаралық «Орталық-Азия өнертану» журналының алғашқы саны жарық көрді
Бүгін Алматыда халықаралық «Орталық-Азия өнертану» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді.

Ғылыми басылымның тұсаукесеріне жиналған академик-ғалымдар бұл ТМД елдері кеңістігіндегі өнертану саласына арналған тұңғыш журнал екенін жеткізді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғылыми басылымы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жылына төрт рет шығады. Онда Орталық Азия аймағы өнеріне қатысты авторлық материалдар, театр және бейнелеу жанрындағы жаңалықтар мен ғылыми зерттеулер жарияланады.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу