«Жас ұлан» патриоттық клубы Арменияда өткен «Одақ-2015» әскери сайысынан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас ұлан» патриоттық клубы Арменияда өткен «Одақ-2015» әскери сайысынан жүлделі оралды

22.10.2015
«Жас ұлан» патриоттық клубы Арменияда өткен «Одақ-2015» әскери сайысынан жүлделі оралды
«Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелері Елордадағы мектеп оқушыларының ішінен іріктеліп алынғандар. Тамыз айында Арменияның Цахкадзор қаласында өткен әскери додадан 45 медаль алып келді.

12 мемлекет арасында өткен сайыста жасөспірімдер жүгіру, минутқа мылтық жинау, ату, жүзу, тау етегіндегі кедергілерден өту, ауыр тас көтеру, пышақты нысанға дәл тигізу секілді спорт түрлерінен сынға түскен.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу