Оңтүстік Кореяда өткен қазақ күресі сайысынан палуандарымыз жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда өткен қазақ күресі сайысынан палуандарымыз жүлделі оралды

04.09.2019

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан дүниежүзілік жауынгерлік ойындар бағдарламасына тұңғыш рет енген қазақ күресінде алты салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегер белгілі болды. Жарысқа келген 100- ден астам елдің 30-ы балуан баптап әкелген. Сында Қазақ елінің балуандарына екі алтын, екі күміс және екі қола жүлде бұйырды. Аруларымыздан 55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Гүлнұр Ерболова қарсылас шақ келтірмесе, 80 келі салмақта финалдық белдесуде Бекзат Манасбаев түркіменстандық қарсыласын атой салып жүріп ұтып, бірінші орынға ие болды. 70 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Өскен Төлеубеков пен 65 келіде боз кілемге шыққан Аяулым Балапановлар финалда Қырғызстан және Польша балуандарына жол беріп, күміспен күптелді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы алдағы уақытта да төл өнерімізді дамытуды жалғастыра бермек. Енді әлем чемпионатын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Бекзат Манасбаев, Қазақ күресінен дүниежүзілік жауынгерлік ойындар жеңімпазы: 

Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Шетелдіктердің барлығы біздің күресті жетік меңгеріп алған белдесу өте қиын. Бірақ ел намысы сынға түскен шақта аянып қалмадық.  

Оңғар АЛПЫСБАЙ 


Хабарламаларға жазылу