Алматыда «Сияр Шәріп» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Сияр Шәріп» кітабы жарық көрді

05.10.2015
Алматыда «Сияр Шәріп» кітабы жарық көрді

«Отбасы хрестоматиясы»  сериясы бойынша дайындалған жинақта Мұхаммед пайғамбар туралы қиссалар мен хадистер қазақ дүниетанымы негізінде баяндалған. Пайғамбарға салауат айту хикаялары, жыраулар мен ғұламалардың діни тақырыптағы толғаулары берілген.

 Сондай-ақ, жинаққа  фольклорлық жанрдан бөлек, академиялық зерттеу тәсілімен жазылған соңғы елшіге деген Батыс әлемінің көзқарасы жайлы аудармасы да енгізілген. Ғалымдардың айтуынша, бұл еңбек жастарды діни теріс ағымдардан сақтайтын маңызды нұсқаулыққа айналмақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу