Алматыда Кемел Тоқаевтың 5 томдық кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Кемел Тоқаевтың 5 томдық кітабы жарық көрді

25.09.2018

Алматыда көрнекті жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы  Кемел Тоқаевтың  5 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Саналы ғұмырын шытырман оқиғалы әңгімелерге арнап, артында өшпес із қалдырған оның еңбектері «Ана тілі» баспасынан 5000 данамен шықты. Кітап қаламгер шығармашылығының 95 жылдығына арналып көпшілік қауымға ұсынылды. Оған журналистің еңбектерімен қатар, замандастары мен қаламдастарының естеліктері енген. 

Жақау Дәуренбеков, «Ана тілі» баспасының директоры, жазушы:

- Бұған дейін бұл жанрда ешкім қалам тербемеген. Ол қалам тербеп ғана қоймай осы жанрды өзінің шығармаларымен  әрі қарай дамытқан. Көп тиражбен таралуының өзі оқиғасының шымыр, шытырман оқиғалы болып, сюжетінің адамды баурайтын болып құрылуы.

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу