Ақтауда «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталық құрылысы аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталық құрылысы аяқталуға жақын

05.10.2015
Ақтауда «Азерсун» өндірістік-логистикалық орталық құрылысы аяқталуға жақын

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан орталықтың аумағы-10 мың шаршы метр. Өндірістік әрі логистикалық нысан екі бөліктен тұрады. Бір жағында құрғақ өнімдер сақталса, екінші бөлігі мұздатқыш камераларға арналған. Мұнда биіктігі 12 метрлік үлкен 20 бөлмеде тоңазытқыштар бар. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Инвесторлар азық-түліктің мол қорын сақтау тауардың дені сырттан тасымалданатын өңірде бағаны тұрақтандыруға сеп болады дейді.

 

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу