Баспана құрылысы аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана құрылысы аяқталуға жақын

07.02.2019

Алматы облысы, Қарасай ауданында «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Енді баспана кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлер жуық арада беріледі.

Аймақтарды аралап жүрген депутаттар осы құрылысқа жауапты мердігер компанияның басшылығымен кездесіп, жұмысымен танысты. Себебі мәжілісмен Серік Үмбетовтің сөзінше, тұрғын үй ісі - Мемлекет басшысының әркез назарында тұрған маңызды мәселе. Сондықтан оның сапасы мен қолжетімділігі де қатаң бақылауда тұр. Бұдан бөлек, депутат Қаскелең қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 1300 орындық спорт мектебін де аралап көрді.

Серік Үмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Пәтер мәселесін көріп отырмыз. Елбасы Жолдауында «7-20-25» бағдарламасы туралы айтылған. Іс жүзінде іске асып жатқанның дәлелі бұл. Осы мәселенің бәрі шешілуде.

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу