Шымкентте тойға жиналғандар аспанға оқ атып, елді дүрліктірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тойға жиналғандар аспанға оқ атып, елді дүрліктірді

17.03.2021

Шымкентте тойға жиналған бір топ жігіт мылтық пен тапаншадан аспанға кезек-кезек оқ атып, елдің үрейін алды.

Айқайға басқан топ әрекеттерін өздері ұялы телефонға түсірген. Белгілі болғаны олар Алматы қаласынан Шымкентке тойға келген. Барлығының аты-жөні мен дерегі анықталды. Оларға қатысты бұзақылық қылмысы бойынша іс қозғалды. Полицейлер оларды ішкі істер органына жеткізу үшін Алматыға әкетті. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу