Астанада 200-ге тарта иесіз жануарға күтім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 200-ге тарта иесіз жануарға күтім жасалды

03.08.2023

Астанада 200-ге тарта иесіз қалған жан-жануарларға күтім көрсету қолға алынды. Жоба барысында алдымен ит-мысықтар тамақтандырылып, вакцинациядан өтеді. Кейін әлеуметтік желінің көмегі арқылы оған жаңа иесі іздестіріледі. Акцияға қоғамдық бірлестік ұйытқы болды, ал кәсіпкерлер қаржылай қолдау білдірді.

Блогерлер мен өнер иелері де қоғамдық жобаның жарнамасын жауапкершілігіне алған. Олар бос жүрген ит-мысықтармен суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялайды. «Мұндағы басты міндет - иесіз қалған үй жануарларына қоғамның назарын аударту, қамқоршылар санын көбейту», - дейді еріктілер.

Нұрасыл Бекматов, ерікті:

Ең бірінші көмек қажет ететін нәрсе ол қаланың шетінен өздерінің тұратын үй-жайларын салып беру. Қаладан жанашыр болатын еріктілер кесте жасап барып отырады, қарайды, бағады. Дәл осы біздің астамамызды қолдайтын, дайын ресурстарымызды қайталап көшіріп жасайтындар болса, қараусыз қалған ит-мысықтар азаятын еді.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу