Әсет Исекешев пен Бауыржан Байбек арнайы экономикалық аймақтағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әсет Исекешев пен Бауыржан Байбек арнайы экономикалық аймақтағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты

10.09.2015
Әсет Исекешев пен Бауыржан Байбек арнайы экономикалық аймақтағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты

Инвестициялар және даму министрі индустриялдық-иновациялық даму бағдарламасы бойынша ашылған  «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты.

Министр парк басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігі мен министрлік арасында «2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды. Тараптар энергия үнемдеу, ішкі және сыртқы туризм, индустриялды-инфрақұрылым, азаматтық авиация саласында жұмыс жүргізудің басымдыққа ие бағыттарын дамытуды қолға алмақ.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу