Қазақстанда туристік сапармен шет елге шығатын азаматтардың құқықтарын кепілдендіру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда туристік сапармен шет елге шығатын азаматтардың құқықтарын кепілдендіру ұсынылды

16.09.2015
Қазақстанда туристік сапармен шет елге шығатын азаматтардың  құқықтарын кепілдендіру ұсынылды

Бұл соңғы уақыттағы туроператорлардың немесе шетелдік тасымалдаушылардың кесірінен қазақстандық туристердің елге орала алмай сергелдеңге түсуіне байланысты болып отыр.
Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Мәжілісте «Индустриялды-инновациялық саясат мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау кезінде айтты.

Оның сөзінше, енді туроператорларға банктік кепілдік ұсыну міндеті жүктеліп отыр.
Яғни туроператорлар азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда қазақстандық әрбір туристің жолдамасынан әкімшілік жүйесінің арнайы есепшотына ақша аударады.
Шет елге туристік сапарға шыққан азаматтың құқы бұзылған жағдайда осы қаржының есебінен туристі ҚР аумағына қайтару шаралары іске асады.

Хабарламаларға жазылу