«Атамекен» картасы жаңа макеттермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» картасы жаңа макеттермен толықты

08.09.2015
«Атамекен» картасы жаңа макеттермен толықты

«Атамекен» этно-мемориалдық кешені жаңа макеттермен толықты. 

Көне қалалар мен енді бой көтерген ғимараттар кешенге өзгеше көрініс берді. Тарихқа бағытталған тағылымды іс мұнымен шектелмей,  жиынмен жалғасты.

Ұстаздар, ғалымдар, тарихшылар бас қосып жастарға қазақ хандығының бастауы мен өткен жолды тегіс баяндады. Айталық, «Атамекен» Қазақстан картасына» жылына 18 мың адам келеді екен. Енді жаңа нысандарды көру үшін келушілер саны артатыны анық.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу