Қос мәдени журнал оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қос мәдени журнал оқырманға жол тартты

11.02.2014
  Бүгін Астанада «Бәйтерек»  халықаралық баспасөз орталығында «Қазақстанның мәдени мұрасы» және «Астана қаласының мәдени мұрасы» журналдарының тұсаукесер рәсімі өтті.
 
«Қазақстан Халықаралық мұражайлар кеңесі комитеті» (ИКОМ Қазақстан) 2013 жылы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің негізінде  құрылған.  «ИКОМ Қазақстан. Қазақстан мұражайларының мұрасы» атты халықаралық журналын айына екі рет шығаруды ойластырып отыр.
 
Басылымның құрылтайшысы - «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені.
 
Қос журнал да қазақ мәдениетін насихаттап, рухани құндылықтарды қолжетімді ету, сондай-ақ,  ел мұражайларындағы  жәдігерлерді шетелдерге таныстыру мақсатында шығарылып отыр.      

Хабарламаларға жазылу