Астана мұражайларында ашық есік күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мұражайларында ашық есік күні өтеді

06.07.2014
Астана мұражайларында ашық есік күні өтеді

7 шілдеде сағат 10.00 С.Сейфуллин атындағы мұражайда, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде және «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Ашық есік күні аясында елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі экспозициямен таныса алады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Сонымен қатар, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Астана  мақтанышымыз» екі күндік мерекелік концерт ұйымдастырылады. Елорданың 16 жылдығына арналған шара 6 және 7 шілдеде сағат 11.00-14.00 өтеді.

Хабарламаларға жазылу