Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

07.09.2015
Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

 

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 5-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Ал, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады, деп болжануда.

Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу