Алматыда шекарашыларға арналған жаңа оқу орталығының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шекарашыларға арналған жаңа оқу орталығының құрылысы басталды

08.08.2015
Алматыда шекарашыларға арналған жаңа оқу орталығының құрылысы басталды

Алматыдағы Шекара қызметі академиясы аумағында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі бастамасымен жаңа оқу-жаттығу орталығының құрылысы басталды.

Жобаны жүзеге асыруға АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы негізінде 1,2 миллион доллар бөлінген.

Жалпы аумағы 1320 шаршы метрді құрайтын орталық оқу орнының материалдық және техникалық базасын жақсартып, жаттығу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу