Алматы қаласында биыл өнеркәсіп көлемі 16,8 пайызға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында биыл өнеркәсіп көлемі 16,8 пайызға жетті

29.12.2023

Алматы қаласында биыл өнеркәсіп көлемі 16,8 пайызға жетті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 17,7 пайызға өсті. Жыл басынан бері 754 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Қала экономикасына салынған инвестиция көлемі де артып келеді. Жалпы құны 210 млрд теңге болатын 26 жоба іске асып жатыр. Жыл соңына дейін 8 жоба аяқталады. Білім, денсаулық және әлеуметтік сала бойынша да өсім байқалады. Алматыда бір жылда 5920 оқушыға арналған 21 мектеп салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 ірі білім ошағының құрылысы басталды.

Хабарламаларға жазылу