Абай 1885 жылы «Қарамола ережесін» жазған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай 1885 жылы «Қарамола ережесін» жазған

05.08.2015
Абай 1885 жылы «Қарамола ережесін» жазған

Ереже 1885 жылы Семей өңіріндегі Қарамола елді мекенінде өткен төтенше съезде қабылданған. 

Бұл құжат Семей қазақтары үшін қылмыстық істерге қарсы заң ережесі деген атаумен белгілі болған.

Заңда қазақы әдет-ғұрыпты басты негізге алған Абай патшалық Ресейдің енгізген заң нормаларын да шебер пайдалана білген.

Бастапқыда ереже 93 баппен жазылып, кейін екшелген 74 бап қабылданған. 

Қазір ереже түпнұсқасының көшірмесі Астана қалалық сотының мұражайында сақтаулы.

Хабарламаларға жазылу