Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» лагерінде бір жеткіншек токқа түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» лагерінде бір жеткіншек токқа түсіп қалды

29.07.2015
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» лагерінде бір жеткіншек токқа түсіп қалды

Абырой болғанда бала аман. Демалыс орталығына арнайы барған прокурорлар ғимаратта ток көздерінің оқшауланбағанын, яғни, балалардың қауіпсіздігі ескерілмегендігін анықтаған.

Тексеру барысында тағы бірқатар заңбұзушылық әшкереленді. Атап айтқанда мұнда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер сақталған және ол алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде пайдаланылған.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бейжай қараған жауапты тұлғалар жауапқа тартылды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу