Қызылорда облысындағы Қаракеткен ауылының балалары жөндеу жұмыстары бітпеген мектепте білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы Қаракеткен ауылының балалары жөндеу жұмыстары бітпеген мектепте білім алуда

08.09.2014
Қызылорда облысындағы  Қаракеткен ауылының балалары жөндеу жұмыстары бітпеген мектепте білім алуда

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылының балалары жөндеу жұмыстары бітпеген мектепте оқуға мәжбүр.

Тозығы жеткен білім ұясын қалпына келтіру үшін биыл аудан бюджетінен 72 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді.

Маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары 30-шы тамызда толық аяқталуы тиіс еді.

Алайда, мердігер жүктелген міндетті уақытылы орындамаған.  

 

Гүлжан  ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу