Тамара Дүйсенова: Біздің басты мақсатымыз - жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова: Біздің басты мақсатымыз - жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту

15.06.2016
Тамара Дүйсенова: Біздің басты мақсатымыз - жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту

Қазақстанда жұмыссыз адамдардың көп бөлігін жастар құрап отыр. Осыған байланысты жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру маңызды міндет болып табылады. Бұл туралы бүгін Ақтөбеде ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлімдеді.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастырып, елде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Солардың арасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы ерекше танымал.

Т.Дүйсенованың айтуынша, биылғы жылы бұл бағдарламаға 100 млрд теңге бөлінді, соның  ішінде сәуір айында 63 млрд теңге жұмыссыздар мен өздігінен қызмет етіп жүргендерге көмек көрсету үшін қосымша түрде жіберілді.

Ақтөбе облысында жұмыспен қамтудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларымен 20 мыңға жуық жұмыссыз адамды қамту жоспарланып отыр, бүгінде 8 мың адам қамтылған.

Осылайша, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту олрталығының мәліметтерінше, биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыздарды шағын несиелендіруге бөлініп отырған сома өсірілген.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметтерінше, 1 маусымда Ақтөбеде 891 жұмыссыз адам есепте тұр, соның ішінде жартысынан көбі - жастар.

Еске сала кетейік, бүгін Ақтөбеге ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов басқарған Үкімет делегациясы келді.

Делегацияның құрамында - Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева, ҚР Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков, ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Даленов, сенатор Елеусін Сағындықов бар.

Хабарламаларға жазылу