Әліби Жұмағұловтың ісіне қатысы бар үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды

16.06.2015
Әліби Жұмағұловтың ісіне қатысы бар үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды

Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша күдікті деп танылған Арман Әбілтаев ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаменті мәлімдеді.

«Ауыр қылмыс жасады», деп мемлекетаралық іздеуге жарияланған күдікті «Арлан» арнайы бөлімшесінің күшімен қолға түсті.

Полицейлердің айтуынша, Арман Әбілтаев сырт келбетін өзгертіп, бой тасалап жүрген.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу