Экстремизмге қатысы бар 16 күдікті ұсталды

21.12.2016
Олар «сенімсіздікке айыптау» немесе «такфир» ұстанымын насихаттаған.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни ұйымға мүше деген күдікпен 16 адамды ұстады. Олар «сенімсіздікке айыптау» немесе «такфир» ұстанымын насихаттаған.

Ал, «Ат-Такфир уәл-Хиджра» ұйымы 2 жыл бұрын сот шешімімен «экстремистік» деп танылып, қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салынған болатын. Комитет қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілер Сирия мен Ирактағы лаңкестердің әрекетін жақтайды, зайырлы мемлекетті және жалпылай конституциялық заңдарды жоққа шығарғысы келеді.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу