Алматыда қоғамдық көліктерге арналған жеке жолақтар ашылды

15.06.2015
Алматыда қоғамдық көліктерге арналған жеке жолақтар ашылды

Ұзындығы 9 шақырымдық арнайы жолақпен енді қоғамдық көліктер кедергісіз жүреді. Адамдар алтын уақытын кептелісте өткізбейді. Ал, мамандар бұл бастама көшедегі тәртіпті ғана емес, тазалықты сақтауға да тиімді дейді.

Бүгінге дейін Абай даңғылымен 20 автобус, 7 троллейбус қатынаған. Енді олардың саны азайды. Кейбірінің бағыты өзгерді. Қазір 9 автобус, 4 троллейбус адам тасымалдайды. Ал, 35, 105 ,8, 16-шы бағытпен жүретін қоғамдық көліктер мүлде қысқартылған. Көліктердің саны азайғанмен, жылдамдығы мен жиілігі артпақ.

«Қоғамдық көлікті дамытқан дұрыс, бірақ бізді де ұмытпағаны жөн»,- дейді жеке көлік иелері. Себебі, жеке көліктер үшін қозғалыс қиындап, кептеліс көбейді.

Бағдарлама бойынша болашақта қаланың үлкен көшелерінде осындай арнайы қоғамдық көліктер жолы ашылмақ. Қазір Райымбек даңғылында, Сейфуллин көшесі мен Жандосов көшесінде жұмыс басталып та кеткен.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу