Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді

12.06.2015
Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді

Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 100-ден аса түрлі білім сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың ұстаздарын құттықтап, сыйлықтар табыстады.

2014-2015 оқу жылы түрлі республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда 252 жамбылдық оқушы бақ сынаған.

Олардың 133-і өз білімдерін жоғары деңгейде танытып, жеңімпаз атанған.

Жалпы, еліміздегі пәндер олимпиадасы қорытындысы бойынша облыс командасы төрт жыл қатарынан бірінші орында келеді.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу